Bugin
Жыл сайын ҰБТ кезінде оқушылардың айла-шарғыға барып сынақпен жанталасатыны үйреншікті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОқушының бұл әрекетін балалыққа да балауға болады, әрине. Алайда мамандығына қатысты біліктілік сынағына баратын мұғалімнің де сорақы қадамға баруын қалай түсінбек керек?
Мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеу науқанында бірқатар мұғалімнің тіпті заңсыз әрекетке жол бергенін Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ашық мәлімдеді. Өзінің әлеуметтік парақшасында «Мұндай мұғалім не үйретеді?» деп бастаған жазбасында Дидар Смағұлов біліктілік сынағын тапсыру кезінде кей мұғалімнің тыйым салынған заттарды пайдаланатынын жазып, алдағы уақытта бұл сынаққа ұстаздардың қатаң тексеріліп кіргізуге ұсыныс жасағанын жеткізді.
«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфон, шпаргалка және басқа да құрылғы) бар-жоғы тексерілмейтін. Өкінішке қарай, кейбір әріптес біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады. Егер 2020 жылы Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өсті! Сонымен қатар, микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған! Осы фактілерді ескеріп, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым!» деп жазған тестілеу орталығының басшысы сенім жоғалған жерде бәрі жоғалатынын да жасырмайды.
Осы мәселеге қатысты өз пікірін алматылық ұстаз Әйгерім Нышанбай: "Мұғалім мұндай қадамға тек өз біліміне сенбеген жағдайда ғана барады. Әрине, сауатсыз, білімсіз мұғалім сынақтан өтудің кез келген жолын таңдайтыны анық. Меніңше, расымен де біліктілік сынағына мұғалімдерді қатаң тексеріп кіргізу –дұрыс шешім".
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61