Білім және ғылым

⚜Ардагерлерді ардақтайық⚜ атты айдарымызға қош келдіңіз

     Әл-Фарабидің: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады» деген ұлы сөзі 40 жылдық тәжірибесі бар, ар-ожданы алдында адал, шыншыл, өнегелі ісімен көпке үлгі бола білген Әдемі Мақымғалиқызына арналғандай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

⚜  Рахметуллина Әдемі Мақымғалиқызы 1980 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін өзі білім алған Д.Нұрпейісова атындағы орта мектепте үздіксіз математика пәнінен сабақ берді.
  ⚜  Ұстаз математика пәніне оқушылар қызығушылығын арттырып, өз пәнін дәріптеуде заман талабын сезіне және түсіне, ғылыми педагогикалық  жаңалықтарды, жаңа әдістемелік технологияларды үзбей қадағалап, өз сабақтарында шебер пайдалана отырып шығармашылықпен жұмыс жасады.
⚜   Қоғамдық белсенділігі және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Әдемі Мақымғалиқызы еңбек еткен жылдарында мектеп жастар ұйымының жетекшісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы, мектептен және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырушысы сияқты қоғамдық және лауазымдық қызметтерде өз ісін жауапкершілікпен атқарды.
   ⚜ Өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялай білетін ұстаз – бай тәжірибесі мен білгенін әріптестерімен үнемі бөлісіп, олардан үйреніп отыратын жан.
   ⚜ Ұстаз сабақ берген жаратылыстану-математика бағытындағы 2008 жылы 11-сыныптың 14 оқушысының 13-і білім грантын иеленіп, А.Жақсығұлов, С.Қожахметов Алматы әскери инженерлік институтына, А.Шаңгереева БҚМУ-дың информатика, Г.Сұлтанова БҚАТУ-дың машина жасау факультетіне оқуға түсіп, бітіріп, өз саласы бойынша еңбек етіп жатыр.                 
  ⚜  «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей ұстаздан білім, тәлім-тәрбие алған сан шәкірт алуан түрлі мамандық иесі атанып еңбек етіп жатыр. Ұстаз жолын қуған мәртебелі мұғалім мамандығында да біраз шәкірті қызмет атқарады.
⚜ Әдемі Мақымғалиқызы ауылдық Мәдениет үйі жанындағы көркемөнерпаздар тобының мүшесі ретінде ауыл мәдениетін көтеруге атсалысып, мәдени шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге белсене қатысып келді.
⚜  2011-2012 жж. Жаңақала аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі, кейін 2012 жылдан зейнетке шыққанға дейін Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет атқарды.
  ⚜  Ұстаз еңбегі еленіп 1984 ж. аудандық білім бөлімінің, 1997 ж.облыстық білім басқармасының грамоталары, 2003 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, 2006 ж. облыстық білім бөлімінің Құрмет тақтасына ұсынылды. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалімен, облыстық педагог қызметкерлер кәсіподағының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
⚜ Ә.М.Рахметуллина – қарапайым, адамгершілігі мол, жан-жақты білімді, эрудициясы жоғары, өз мамандығының шебері, ұлағатты ұстаз.