Bugin
Топталып төбелесті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркияға барып жолдастық кездесу өткізбек болған қазақстан футболшылары топтанып төбелесті. Бұл жайлы Sports.kz хабарлады.
Көкшетаудың "Оқжетпес" командасы мен Украинаның "Вересом" командасы жолдастық кездесу өткізді. Ойын Түркияда болды.
Ойынның 28-ші минутында украин футболшысы келіп, қазақ футболшысының аяғынан теуіп, жалп еткізіп құлатады. Бұған ашуланған футболшы украинға лап қояды.
Қалған командаластары да тұра жүгіріп, топтана төбелесе кетеді.
Тәртіп бұзғаны үшін ойын тоқтатылды. Есеп – 1: 1.
"Верес" командасы – Украина дивизионында екінші орында тұрған клуб.
Жалпы қазақ спортшыларының ойын мен кездесу кезінде ашуға беріліп, құл жұмсайтыны жиі болды. Осыған дейін "Барыс" хоккейшілері бір-бірімен төбелесіп, біреуінің жағы сынған. Ал "Номад" хоккей клубының Крамарь атты ойыншысы гол жіберіп алғаны үшін командаластарымен "қырқысқан" еді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61