Bugin

Қазақстанда қанша қытай тұрып жатыр?

Босқын боп келгендері бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылы қаңтардағы деректерге қарағанда, Қазақстанда 141 мыңнан аса шетел азаматы тұрып жатыр. Оның ішінде 7 мыңнан астамында азаматтық жоқ, тағы 500-ден астамы босқындар. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанның азаматтығын алып, тұрақты түрде көшіп келген 141 622 шетел азаматы бар. Ең көбі Ресейден келгендер – 65 мың азамат. Оның 7100-ден астамы – қандастар.

Екінші орында – Өзбекстаннан келгендер. Олардың саны – 25 мыңға жуық. Оның ішінде 8 мыңнан астамы – қандастар.

Үшінші орында – Қытай азаматтары. Саны – 12 мыңнан асады. Оның 10 мыңы – қандастар.

Төртінші орында – Қырғызстан. Саны – 9,5 мың адам. 500-ге жуығы қандастар.

Бесінші орында – Әзірбайжан. Саны – 5 мыңға жуық. Оның 3 мыңы – қандастар.

Ал уақытша тұрып жатқан шетел азаматтарының саны – 18 мыңнан асады. Былтыр 371 мың адам уақытша тұруға келген екен. Алайда пандемия мен шекараның жабылуынан көбі келе алмай қалды.

Уақытша тұруға келгендердің ең көбі – өзбектер. 8 670 азамат. Екінші орында – ресейліктер. Саны – 5 227 адам.