Weekend
Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын
«Мен сіздерден біріншіден кешірім сұраймын. Келе сала сіздерге алғысымды білдіріп, сәлем жолдауым керек еді. Бірақ суық жерден келген соң, мазам болмай жатып қалдым, қазір ғана есімді жинап жатырмын", - деп әнші көзіне жас алды.
Гауһар Әлімбекова жанашыр жандардың қолдауымен жағдайының жақсарғанын айтты. Оның айтуынша, негізгі шешім аппеляциялық сот кезінде белгілі болады.
Ол сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова, Ләйлә Сұлтанқызы, барша өнердегі әріптестері мен қазақ халқына ерекше алғысын айтты.
Еске салсақ, Гаухар Әлімбекова сот үкімі күшіне енгенге дейін үй қамақта болады.