Bugin

Атырау - Орал тас жолында жол апатынан төрт адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тас жолда көлік қозғалысы шектелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау-Орал тас жолында болған апаттан төрт адам қайтыс болды, тағы алты адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Today.kz- сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Апат таңғы сағат 6:10 шамасында Атамекен ауылының маңындағы жолдың 259-шы шақырымында болған.

Мәліметтер бойынша, Toyota Camry автокөлігіндегі такси жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, сол маркалы басқа көлікпен соқтығысқан.

Көліктердің төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Алты адам Тайпақ елді мекеніндегі орталық аймақтық ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетсек, Атырау-Орал тас жолы түнгі 22:00 бастап көлік қозғалысы үшін жабық болды. Алайда такси жүргізушісі патрульдық полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.