Саясат
Байбек сенім білдірді
Партия басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Артур Платоновты «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы етіп тағайындады.
"Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп жазды "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Twitter парақшасында.
Сонымен қатар, Бауыржан Байбек мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.