Экономика

Nike пен Adidas-тың аяқ киімдері Қазақстанда арзан бағамен сатылуы мүмкін

Өзбекстан Nike және Adidas өнімдерін шығара бастайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Nike және Adidas жетекші компанияларының кроссовкаларын шығару бойынша Өзбекстанда жаңа жоба іске қосылады. Бұл жайлы Repost.uz хабарлады. 

Өндіріс Әндіжан облысында 2021 жылдың жазында  іске қосылып, 2022 жылы толық жұмысын бастамақ.

SP SINOINTERNATIONAL ЖШС зауытын салу үшін Әндіжан облысының Асакин ауданында 1 гектар жер бөлінді, оған жабдықтар жеткізіліп орнатылды.

«Узчармсаноат» Қауымдастығының деректері бойынша зауытта пилоттық режімде өңірде жұмыссыз ерлер мен әйелдерді тарта отырып, айына 40 000 жұп бала мен жасөспірім кроссовкаларын шығару жолға қойылған. Жылына 3 миллион жұп спорттық аяқ киім шығарады деп күтілуде.

Жобаның инвесторы Фан Ронг Сюань болды, ол 12 миллион доллар тікелей инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шетелдік инвестор 6 миллион доллар инвестициялаған.

Дайын өнімнің 50%-ы Орталық Азия елдеріне, 30%-ы халықаралық жәрмеңкелерге қатысу есебінен басқа елдерге экспортталады және 20%-ы ішкі нарықта сатылады деп күтілуде.