Саясат

Түркия мен Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынасын нығайтып жатыр

Анкара мен Ташкент екіжақтық келісімге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшыларының келіссөздерінің арқасында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп жатыр.

Қос түркітілдес ел әртүрлі салада ынтымақтастық орнатып, байланысын бекіте бастады. 

Соңғы жылдары Түркия мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі айтарлықтай өсті. Анкара Ташкенттің Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші экономикалық серіктесіне айналды.

2021 жылдың 20 қаңтарында Түркия тәжірибесін қолдана Өзбекстан аймақтардың индустриалды дамыту үшін бірқатар келіссөз жүргізді. Іс-шара аясында екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты нығайту және өндірістік жобаларды қолға алуға бағытталған өзбек және түрік кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форумдар ұйымдастырылады.

2020 жылдың 28 қазанында екі ел әскери және әскери-техникалық саладағы серіктестік туралы келісімге қол қойды.

2022 жылға қарай Өзбекстанда ЖЭС салуы туралы 2020 жылдың 13 қыркүйегінде өзбек елінің түріктерге жасаған басшылық делегациясының сапары нәтижесінде белгілі болды.

2017 жылдың қазан айында өзбек авиакомпаниялары Ташкент-Ыстамбұл рейсін ашты. Ал Turkish Airlines (THY) Өзбекстанға 2018 жылдың наурызынан бастап тұрақты рейстер жасай бастады. 2019 жылдың қарашасында THY Ыстамбұл Бұқараға чартерлік рейстерін жіберді.

Екі тарап бұдан басқа сауда, қаржы, тау-кен ісі, орман шаруашылығы, ғылым, білім, технология, метеорология, мәдениет салаларын да қолға алмақ. Бүгінде көп созбай келісілген шарттарды уақытылы орындалуы үшін жұмысты бастап кетті.