Weekend

Өзіңізді қаншалықты танисыз?

Ойланбай бірден суретке қараңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есіңізде болсын, бұл тест жауабының дұрысы яки бұрысы болмайды.

Ағаш

Ағаш бұл картинаның басты нысаны болып табылады және ол бір қарағанда көпшілікті қызықтырады. Сіз әр шешімге 100 пайыз сенім артып, өз жүрегіңізді жиі тыңдай бермейсіз. Сол үшін де сіз өміріңіздегі көптеген керемет сәтті жіберіп аласыз. Сіз сондай-ақ кез келген жерде тәуекелге баруға қорқасыз есесіне тек болжамды немесе анық шешімді құптайсыз. Өмір ақ пен қарадан ғана тұрады деу қате түсінік, оған басқа да түстерді енгізу керек екенін түсінуіңіз қажет.

 

Горилла

Егер сіз суреттен ең бірінші маймылды көрген болсаңыз, бұл сіз іштей өзіңізге деген сенімсіздікпен күресіп жатқаныңызды білдіреді. Сондай-ақ тым жоғары мақсаттар қоясыз, алайда алға басқан қадамыңызға қанағаттанбайсыз. Сіздің шеберлікке ұмтылуыңыз әрдайым оң бола бермейді, дегенмен бұл сізге жаңа тәжірибе алуға немесе оқуға мотивация беретіні рас. Сіp бір нәрсеге қызықсаңыз соны жан-жақты зерттеп, осы саланың маманы болғанға дейін тынбай әрекет етесіз. Яғни, өзіңізге ұнаған істі соңына дейін жеткізесіз.

 

Арыстан

Бір қарағанда арыстанға қызығушылық танытсаңыз, бұл сіздің мінезіңіздің еркін екенін білдіреді, ал еркіндік сіздегі басымдықты білдіреді. Сіз логикаңызға сирек жүгінесіз, өйткені көбіне сіз интуицияңызға сүйенесіз. Өз өміріңізді жаңа адамдармен және жаңа елдермен таныспай елестете алмайсыз, туа біткен авантюристсіз. Бірақ кейде сіз отбасыңыз бен достарыңызды ұмытып кетесіз. Сондықтан кейде адамдар сізді өзімшіл немесе мейірімсіз деп ойлауы мүмкін.

 

Балықтар

Балықтар суретте бірден көзге түспейді. Бірақ сізді қызықтырған бірінші балықтар болса, бұл сіз өз қалағаныңызға әрдайым қарапайым емес, күрделі жолмен жететініңізді білдіреді. Сіз басқа адамдармен өте жақсы қарым-қатынаста боласыз және сіздің қоршаған ортаңыз сізді жақсы көреді деп сенімді түрде айта аласыз. Әрқашан адамдарға көмектесуге тырысасыз, дегенмен кейбір жағдайда біреуді ренжітіп аласыз. Ал махаббат туралы айтатын болсақ, сіз өзіңіздің өміріңізде тапқыңыз келетін мінсіз, шексіз және шынайы махаббатқа сенетін білімсіз романтиксіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61