Weekend

Суреттердің бірін таңдаңыз

Картиналарға жақсылап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Психологиялық тесттер күн өткен сайын саны артып  келеді. Мамандар соның ішінде көзбен көріп жүзеге асыратын тесттерді қызықтырақ санайды. Картиналарға жақсылап қарап, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Ендеше, іске сәт!

№1

Егер сіздің таңдауыңыз бірінші картинаға түссе, сіз өте шығармашылыққа жаны құмар жансыз. Армандарыңыз бен жоспарларыңыздың ауқымы өте кең. Жеке кәсібіңізді жүргізуге де қабілеттісіз. Ол үшін табиғат-ана сыйға тартқан талантыңыз да бар. Достық пен махаббатта тұрақтылықты, беріктікті басты орынға қоясыз. Достарыңыз болса мәңгілік бірге болуды, сүйген жаныңыз болса, өмір бойы жұп жазбауды құп көресіз.

№2

Сіз мықты тұлғасыз, сезіміңізден ақылыңыз басым тұрады. Өзіңізге бақыт дәнін сеуіп, оның жемісін өзгелермен де бөлісесіз. Ережелермен өмір сүресіз. Дағдыңыз қалыптан шығып қалса, мәні жойылса да оны тастамайсыз.

№3

Үшінші картинаны таңдауыңыз туа бітті шешен әрі зияткер екеніңізді көрсетеді. Ойыңыздың тереңдігін тексеру үшін күрделі есептерді, түйткілді мәселелерді шешкенді ұнатасыз. Табиғатыңыздан түйсігіңіз жақсы дамыған, бұл сізді өмірде көп жолдан аман алып шығып келе жатыр. Досыңыз көп, сонда да мәселелеріңізді ешкімге айтпай, өзіңіз шешесіз, барлығын оңашада, жалғыздықта жасағанды қалайсыз. Өзгелердің табысы мен жетістігіне көз алартатын кездеріңіз де болады.

№4

Сіз бейбіт, төзімді жансыз. Өмірде барлығын салқын қандылықпен қабылдайсыз. Өмірді сүйесіз, экстремалды әдіспен уақыт өткізуге де қарсы емессіз. Бірақ бір кезде одан да жалығасыз. Барлығынан ойыңызды жинақтайтын оңашалықты, кеште жалғыз қалуды қалайсыз. 

Дереккөз: massaget.kz