COVID-19
Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енді қандай шаралар қолданылмақ?
Премьер - министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Отырыс қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды :
7 күн бойы « жасыл аймақта » тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі : — цирктердің , бильярд клубтарының , балалар ойын - сауық орталықтарының жұмыс істеуіне (толымдылығы 30 % -ға дейін) ;
— спорттық іс - шараларды өткізуге ( 30 % -ға дейін ) ,
— жұма намазын оқуға ( 30 % -ға дейін ) және ас беру рәсімін өткізуге ( 30 % -ға дейін , 50 адамнан артық емес.
7 күн бойы « сары аймақта » болған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың ( азық - түлік , азық - түлік емес ) , сауда және ойын - сауық орталықтарының , сауда үйлерінің , сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі . Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында санитарлық эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда , барлық облыстарда үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың , халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі . Сондай - ақ , индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Түркиямен ( қосымша 4 рейс ), Өзбекстанмен ( +4 рейс ), Қырғызстанмен ( +2 рейс ) және Украинамен ( +1 рейс ) халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру туралы ұсынысы комиссияның қолдауына ие болды