Білім және ғылым
Математика ғылымдарының докторы Кит Йейтс Twitter-дегі парақшасында қызының үй тапсырмасына қайран қалғанын жазды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМектеп бағдарламасы білдей ғалымның өзін тығырыққа тіреген. Айтуынша, тапсырманы өзі шеше алмағандықтан желі қолданушыларынан көмек сұраған.
Кит Йейтс жариялаған суретте жарты шеңбер бейнеленген. Мектеп оқушылары фигураның екі тік бұрыштан тұру-тұрмауын анықтауы тиіс болды. Сонымен қатар өз жауабын түсіндіруі тиіс болған.
“Мен әзілдеп тұрған жоқпын. Бұл сұраққа қалай жауап беру керектігі миыма мүлдем кірмей тұр”, - деді ғалым жазбасында.
Сондай-ақ, ғалым техникалық тұрғыдан егер жақындаған кезде жанамалардың бұрыштағы нүктеге қатысты орналасуы қарастырылса, жартылай шеңбердің екі тік бұрышы болатындығын түсіндірді.
Әрі «дұрыс» деп тапқан жауабын былай жазып кетті: «балалар дәптердегі парақтың бұрышын фигураға бекітіп, жартылай шеңбердің тік бұрышы жоқ екенін түсінуі керек».
Әрі мұндай тапсырманың 7 жасар оқушы үшін тым күрделі екенін де ескерді. Сонымен қатар, студенттермен бірге шешіп көруге уәде берді.