Bugin
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Олардың ішінен өзімізге қажет мамандықты қалай білеміз?
Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Олар – мамандық таңдау мен жар таңдау. Иә, шынымен адам өмірі осы екі таңдауға байланысты. Олай дейтін себебім, адам өмірге бір рет келеді. Және таңдауды дұрыс таңдауымыз керек. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Олардың ішінен өзімізге қажет мамандықты қалай білеміз? "Қандай маман иесі болсам, елге пайдам тиеді?" деген сауал жастарды толғандырады.
Қазір біздің елімізде ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлініп жатыр. Соған орай осы салаға жастарды тарту мақсатында көптеген іс-шара өтіп жатыр. Жасыратыны жоқ осы сала бойынша мамандар тапшы. "Бұл дегеніміз жастарды ауыл шаруашылығынан көрі, жайлы кресло қызықтыра ма?" деген ой туады. Қазір осы салаға жаңа техника, сапалы технология ене бастады. Сол себепті ауылға өз маман иелері өте қажет. Бір сөзбен айтқанда, ауылға өз ісінің шебері, практика тұрғысынан терең меңгерген ақылды жас кадрлар аса қажет. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар үшін ауылға келіп жұмыс істегендерге көптеген бағдарлама бар.
Айтар болсақ, «Дипломмен ауылға», «Қазақстан 2020» бағдарламасы және басқалары да бар. Әр адам таңдаған мамандығын қызығушылықпен, шын көңілімен таңдау керек. Себебі сіз өзіңіз қалаған жұмысыңызды ынта-жігермен құлшыныспен істейсіз. Өкінішке қарай кейбір жандар ата-анасының, болмаса тума-туысының айтқан мамандығына байланысты бара салады. Жасыратыны жоқ, қазіргі жастар жалақысына байланысты немесе бір компанияның бастығы болғысы келеді. Қай-қайсымыз болсақ та жайлы креслода отырғымыз келетіні анық. Бірақ сөздің ашығына келетін болсақ, жоғарыдан төменге құлдырағанша, төменнен жоғары қарай өрмелеу керемет емес пе? Қай жұмыстың болса да оңайы жоқ. Сіз мың жерден университетті қызылға бітіріп, мамандығыныз бойынша жұмыс таба алмасаңыз амал жоқ бір жерде дүкенші боласыз, я болмаса алға ұмтылып кім болсын танымал кәсіпкер боларсыз. Бірақ бәрі өз қолыңызда! Тек таңдауды дұрыс жасасаңыз болғаны.