Bugin

Заманауи қазақ жастары

«Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын?» Ахмет Байтұрсынұлы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Міне, қазіргі балалар құртылып кетті» деген сөздерді үнемі естиміз. Расында осындай сөздерді  естігенде көңілім түсіп кетеді. Үлкендер қауымының жастарға көңілі толмай жатады. Ал мен бүгін осы жастарды басқа жағынан көрсеткім келеді.

1. Қазіргі XXI ғасыр жастарының білімге деген құштарлығы жоғары. Расымен де жастар кітапты өте көп оқиды. Шетелде болып жатқан түрлі ғылыми жарыстарда жастарымыз жүлделі орындармен қайтып жатыр. Өз білімдерін тек Қазақстанда емес, шетелдерге шығып дәлелдеп жүр.

2. Жастар табиғатты жақсы көреді. Табиғатымызды қорғау үшін түрлі волонтерлық бағдарламаға тіркеліп, сенбіліктерге шығып, айналамызды тазартуға үлес қосып жатыр.

3. Толерантты жас ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Шынымен де қазіргі жастар өте толерантты. Олар ұлты, тілі, діні, түсі үшін ешкімді бөліп жармайды. Кез келген адамды құрметтеп, сыйластығын көрсетеді.

4. Жастар қайырымдылық жасағанды жақсы көреді. Олар көмектесіп, қол ұшын созғанды ұнатады. Волонтерлық топтарға қосылып, жалғыз басты аналар, жағдайы төмен жандарға, мүгедек жандарға, жануарларға, түрлі аурумен ауырып жатқан адамдарға көмектесуге үнемі дайын тұрады. Олардың жүректері мейірімге толы.

5. Жастар өз ойын толық айта алады. Көп жастарымыз ненің бұрыс ненің дұрыс екенін айқын біледі. Себебі олар үнемі ізденісте. Көпшіліке өз ойларын айтып, өздерін қорғай алады.

6. Олар спортты жақсы көреді. Расында олар спортпен айналысқанды ұнатады. Түрлі жарысқа қатысып, байрағымызды көкте желбіретіп жүр.

Мінекей бұл – XXI ғасырдағы заманауи қазақ жастары. Олар кіндік қаны тамған туған өлкесін жақсы көреді. Әрине бес саусақ бірдей емес, алайда жастарымыздың артында қолдау көрсететін үлкендер қауымы көбейсе жастарымыз елімізді әрі қарай дамытады.