Әлем жаңалықтары
Енді Қазақстанда reebok, adidas спорттық аяқ киімдері арзандауы мүмкін. Себебі әйгілі брендтер көрші Өзбекстанда шығарылады. Олардың ішінде Nike және Adidas компаниялары тауарларын шығарады.
Бұл дегеніміз енді әйгілі брендтер қолжетімді болуы мүмкін. Және Өзбекстан халқы үшін қуанатын жағдай, себебі қаншама халық жұмыспен қамтылады. Тағыда бір атақты компания осы елде жұмысын бастамақшы. Ол – Apple компаниясы. Apple компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесі осы Өзбекстанда ашылайын деп жатыр. Айта кететін жайт, Apple – кірісі бойынша әлемдегі ең ірі технологиялық компания және нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі алпауыт компаниялардың бірі.
Ал Қазақстанда Apple компаниясы өз кеңсесін қашан ашатыны белгісіз. Осы орайда, «Неге Өзбекстанда? Неге Қазақстанда емес?» деген сауал тууы мүмкін. Кім білер болашақта біздің елде де ашылып қалар.