Bugin

Қалай сәнді әрі қолжетімді киінуге болады?

Қазіргі таңда қыздар қауымы өзінің сырт келбетіне көңіл қойып, өзіндік киіну стилін қалыптастырғысы келеді. Дәл осы мәселе төңірегінде туындайтын сұрақ: «Қалай әрі сәнді, әрі қолжетімді түрде киініп, өзіндік стиль қалыптастыруға болады?»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ежелгі грек философы Сократ сән жайында: «Нашар талғам  – дәстүрдің құлдырауының белгісі. Киім кигенде, сәнді болыңыз, бірақ сәнқой болмаңыз. Сәнді болу –  әдептілік, ал сәнқойлық – нысапсыздық»,- деген екен өз қанатты сөзінде. 

Басты назар аударарлық нәрсе қандай киім кисеңіз де өзіңізге жарасымды, ұнайтын киім кигеніңіз дұрыс. «Адам көркі – шүберек» деген дана халқымыз. Дене-бітіміңізге үйлесімді, жарасымды әрі өз көңіліңізден шыққан кез келген киімнің сізді тартымды етіп көрсетіп қана қоймай, көркіңізді аша түсері сөзсіз. Сонымен қатар аяқ киім, шаш үлгісі мен бет әрлеудің де киіммен үйлесім табуына назар салыңыз.Түрлі әшекей-бұйымдар мен аксессуарларды да талғамыңызға қарай таңдап алыңыз.

Ал киімнің сапасына келер болсам, сапалы киімнің арзан болмасы белгілі. Бірақ сапалылардың арасынан да бағасы қалта көтерерлік сәнді киімдер табуға болады. Тек сіз оларды лайықты таңдай білуіңіз керек. Ескерерлік жәйт: сәнді киіну мақсатында гардеробыңызды саны көп, сапасы жоқ, арзан дүниемен толтыра бермеңіз. Олардың бір-бірімен үйлесіп, бір-бірінің орнын алмастыра алуы маңызды.

«Әдемілік – қарапайымдылықта» ұғымы да санаңызда болсын. Минималды стиль бойынша киіну арқылы да сәнді әрі әдемі көрінуге болады. Кез келген киімнің белгілі бір уақыт аралығында ғана сәнде боларын ескерсек, базалық киімдер алғаныңыз орынды. Олар қай кезде болмасын сәнде. Сонымен қатар, классикалық үлгінің де міндетті түрде гардеробыңыздан орын алғаны дұрыс.