Саясат
Депутат жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін, әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспардың жоғын айтты. Сол себепті аталған жұмыстың баяу жүруіне Үкімет басшысының назарын аудару үшін мынандай ұсыныстар айтылды:
1. Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығының» инвесторларға ұсынып отырған шарттарын қайта қарастыруы маңызды;
2. Жатақханаларды салудағы барлық жауапты мемлекеттік органның жұмысын жүйелендіріп, ортақ үйлестіру мәселесін тез арада шешу қажет;
3. «Госэкспертиза» мекемесіне «Бес әлеуметтік бастама» аясында салынатын жатақхана құрылысының жобасын қарастыру мерзімін қысқартуды ұсынамыз;
4. Келісімшарттарды жасауда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету жолдарын қарастыру өзекті;
5. Мемлекеттік білім беру грантын орналастыру барысында жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажет;
6. Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді келісімшартта көрсету маңызды деп ойлаймыз.
"Нақты шаралар қолданбай, дәл осы қалпында қала беретін болса, тапсырманың орындалмай қалу қаупі өте жоғары. Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз", - деді Мәди Ахметов.