Авторлық ертегі

Таза ниеттің арқауы – дұға

Байдың пасық әрекеті мен қайыршының дұғасы. Қалай ойлайсыз, кімнің тілегі қабыл болады?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертеде бір бай болыпты. Күндердің бір күнінде ол әдетінше шырттай киініп алып, ауыл аралауға шыққан екен. Сөйтіп үйінен ұзағанда, шалшыққа сүрініп бір қолын батпаққа малып алыпты. Жан-жағына қараса не су жоқ, үстіне жағайын десе киімі тым таза. Айналаға көз тастай отырып, ол бір қуыста қайыр тілеп отырған кедей баланы көреді. 

– "Мынаның үстіндегіні де ел киім дейді-ау" деп бай мырс күліп, балаға жақындады. Қайыршының басынан сипағандай болып:

–  "Айналайын қарағым, Аллам саған күш-қуат берсін" деп жылы лебізін білдірді. Несі бар? Байдың қолы да тазарды, артық кірден де арылды. Осы ісіне мәз болған бай үйіне қарай беттеді. 

Өмірінде мұндай жылулықты сезініп көрмеген бала іштей қатты қуанды. Қайдан білсін, байдың батпағын жағып кеткенін? Сөйтіп, бала бірден  "О, Жаратушы Ием, мына байға бақыт, қуаныш, денсаулық бере көр! Байлығы екі есе еселене берсін! Отбасы түгел, бауыры бүтін болсын" деп дұғасын оқыды.

Бұл уақытта бай үйіне жетіп, таза киімін киген күйі, жылы төсегінде жатқан еді. Күні бойына істеген ісі үшін мәз болған бай, бірден ұйқыға кетті. Сол сәтте оның түсіне Мұхаммед Пайғамбарымыз кіріп  "О, тәкаппар адам баласы! Сен дұға-тілектерге лайық емессің, бірақ дұғасы қабыл болатын адамның пәк пейіліне ие болдың" деп айтыпты.