Bugin
Шаян королінің ісі енді Пашовқа тағылды
2020 жылғы Forbes тізімінде Ресейдің ең бай депутаты атанған Сахалин облыстық думаның мүшесі Дмитрий Пашов ұсталды. Оған басында Қызыл кітапқа енген балықты аулады деген күдікпен ұсталғанымен, кейін оған адам өлтіруге қатысы бар деген айып күдік тағылды. Бұл жайлы Настоящее время хабарлады.
Дмитрий Пашов шаян аулауды кәсіп еткен, "Монерон" атты кәсіпорны бар депутат. Бұл компанияның үлесін кезінде тележүргізуші Ксения Собчак сатып алғысы келген. Алайда кәсіпорын басшыларының қылмыстық іске қатысы бары анықталғанда, бәрінен бас тартты.
Пашовты тергеушілер Самарга өзенінен Қызыл кітапқа жататын балықты аулаған видеода неге жүргенін білу үшін шақырған. Оны достарымен бірге ауласа керек. Алайда тергеу барысында оған досы, бұрынғы әріптесі Олег Канның ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталып, СИЗО-ға қамалды. Оған досымен бірге адам өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылуы мүмкін. Әзірше бірақ ресми ақпарат жоқ.
Олег Кан – Ресейдің ірі кәсіпкерлерінің бірі, "шаян королі" атанған адам. Алайда қазір халықаралық іздеуде жүр. Оған контрабандамен айналысты және кәсіпкер қарсыласы Валерия Пхиденконы өлтірді деген айып тағылған. Канға айып тағылған күні бар байлығын Дмитрий Пашовқа жазып, өзі елден қашып кеткен екен.
Қазір Жапонияда не Оңтүстік Кореяда тығылып жүр деген болжам бар. Өйткені онда бірнеше үйі бар.
"Монерон" компаниясы – 2019 жылы Ресейдің шығыс аймағындағы ең ірі кәсіпорын атанған. Балық және шаян аулаумен айналысады. Сол жылғы таза табысы 7,97 млрд рубль (46 млрд теңге) болған.
Мемлекеттен жылына 19 мың тонна шаян аулауға квота алады. Бұл бүкіл квотаның - 20 пайызын құрайды.
Ал Пашов әулетінің дәулеті 6,2 млрд рубль (35 млрд теңге) деп бағаланған. 2020 жылы – Ресейдің ең бай депутаты әрі шенеунігі атанды.