Саясат

АҚШ: Сауд Арабиясының кронпринцінің Хашоггидің өліміне қатысы бар

Бірақ оған қарсы санкциялар салынбайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманды журналист Джамал Хашоггидің өлімімен байланыстыратын барлау қызметтерінің есебін жария етті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Байден әкімшілігі Хашоггидің өліміне және диссиденттерге қарсы репрессияға байланысты Сауд Арабиясының 76 азаматына қарсы санкция жариялады. Олардың есімі әлі аталмаған, бірақ Reuters агенттігінің дереккөздеріне сәйкес ханзадаға қатысты санкция салынбайды.

"Сауд Арабиясы Корольдігі баяндаманы теріс, жалған және қолайсыз бағалаудан толығымен бас тартады және баяндамада дұрыс емес ақпарат пен қорытынды бар екені туралы мәлімдейді",-деп жауап берді корольдіктің сыртқы істер министрлігі.