Bugin

Мектебім, аяулы мектебім

Kолледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық режимде оқуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Aiqyn сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, ал халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады.

Сондай-ақ, оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. "1 сынып – 1 кабинет қағидаты" бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілді. Оның ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық режимде оқуға болады.