Елордада вакцинациялау басталды

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 2126 адам коронавирусқа қарсы екпе салғызған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Наурыздың 1-нен бастап астанада мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді", - деді департамент өкілдері.

Еске салайық, 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 2126 адам коронавирусқа қарсы екпе салғызған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61