Елімізде дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін өседі

Алексей Цой бұл жоспар 2023 жылы іске асырылатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

«2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген: 2021 жылы – 222 млрд теңге, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы - 557 млрд теңге. Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», – деді Алексей Цой.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61