Әлем жаңалықтары

Ердоған Түркияны ғарыш саласындағы жоғары лигаға айналдырмақшы

Түркия өзінің зымыранымен Айға ғарыш аппаратын жеткізгісі келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия 2023 жылы елде жасалып жатқан гибридті зымыранның көмегімен Айға пилотсыз ғарыш кемесін жеткізбекші. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Түркия республикасының индустрия және технологиялар министрі Мұстафа Варанктың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия көшбасшысы Тайып Ердоған 9 ақпанда ұлттық ғарыш бағдарламасын таныстырды. Ол елдің алғашқы азаматын ғарышқа жіберуді, өзінің ғарыш айлағын салуды және 2023 жылдың аяғында Айға қондырғыш жіберуді ұсынды. Анкара бірқатар елдермен, соның ішінде Ресеймен де ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

«Айға миссияны 2023 және 2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2023 жылы біз өз технологиямызды пайдаланып Айға жетуді көздеп отырмыз. Бірінші ұшуды халықаралық компаниялармен бірлесіп жүргіземіз. Алайда біздің ғарыш аппараттарымыз Жерге орбитаға ұлттық бірегей зымыранымызды ұшыру арқылы жеткізіледі», - деді Варанк Анадолыға Delta V ғарыштық жобалар компаниясына барған кезде.

Оның айтуынша, түрік ғарыш бағдарламасы елді «ғарыш саласындағы жоғары лигаға» шығаруға бағытталған. Варанк "Delta V Айға сапар шегудің маңызды бөлігі болып табылатын бірегей гибридті қозғалтқыш технологиясын ойлап тапты" деп қосты.