Саясат

Ердоған Илон Маскпен келіссөз жүргізді

Түркия елінің басшысы SpaceX компаниясының бас директорымен телефон арқылы сөйлесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы "Анадолу" агенттілігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Келіссөз барысында Түркияның мемлекеттік және жеке сектор компаниялары мен мекемелерімен ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды.

Айта кетейік, SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыран тасығышын цифрлық теледидар және интернет қызметтерін ұсыну үшін 8 қаңтарда түрік байланыс спутнигі Turksat 5A-мен бірге ұшырған болатын.