Әлем жаңалықтары

"Биткоин әлемдік климатқа қауіп төндіреді"

АҚШ ғалымдары криптовалюта өндірісі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін екенін анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жылы виртуалды ақша жасау кезінде тұтынылатын электр энергиясының саны қатты өсті. Оның көлемі кейбір елдің жылдық энергия тұтынуынан асып түскен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы The Guardian-ға сілтеп жазады. 

Сарапшылардың айтуынша, бұрын биткоиндарды қарапайым, қымбат емес компьютерлерден де өндіруге болатын. Алайда өндірілген виртуалды тиын саны көбейген сайын, бұл процесс үшін есептеу қуаты да арта түскен. Яғни виртуалды тиын саны көбейген сайын, майнинг те көп электр энергиясын қажет етеді. Бүгінде биткоин жасауда қоладанылатын энергия, Аргентинаның жылдық көміртегі ізінің эквивалент деңгейіне тең. 

Қазіргі таңда биткоин өндірісі Қытайда өте жақсы дамыған. Сонымен бірге, ондағы электр энергиясының үштен екісі көмірден өндіріледі. 

Нью-Мексико университетінің экономика профессоры Бенджамин Джонс жағдайды түзету үшін, мемлекеттерді криптовалюта өндірісін реттеу шараларын жүргізуге шақырды. Сонымен қатар, Etherium криптовалютасының (Ethereum) негізін салушылар планетаға зиян келтірмеудің жолын табуға уәде берді. 

Естеріңізге сала кетейік, биткоин – қазіргі уақытта ең қымбат және танымал криптовалюта. Қазіргі таңда 1 биткоин 43 540 долларға немесе 18 237 262 теңгеге тең.