Қазақстан жаңалықтары

Талдықорған әкімі ауысты

Өз еркімен қызметтен кеткен Талдықорғанның экс-әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың орнына келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы қала әкімдігінің сайтына сілтеп хабарлайды.

Ержан Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша аяқтаған. 2014 жылдың қазан айынан Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.