Bugin
Ақтау қаласына жаңа,заманауи алаңдар салынса нұр үстіне нұр болатын еді!
Ақтау қаласының тұрғындары балалар ойнайтын ойын-сауық алаңдарына шағымдарын айтты.Олардың айтуынша бұл алаңдардың құрылғанына көп уақыт болған,яғни ескі ойыншықтар. Бұл жағдай балалардың ойнауынада кедергі,-дейді
ата-аналар.
Соның бірі 3-ші шағын ауданда орналысқан балалар ойнайтын ойын-сауық алаңы.Бұл алаңның құрылғанына 40 жылдан астам уақыт өткен.Көріп тұрғандарыңыздай бұл жердегі ойыншықтар өте ескі және істен шыққан.Оған дәлел мына әткеншектің орны.Өкінішке орай қазір бұл жерде әткеншек жоқ:(
Кейбір ата-аналар бұл жерге балаларын жіберуге қорқады.Алайда кішкентай бүлдіршіндер басқа жерлер алыс деп,дәл осы жерге келіп көңіл көтереді екен.Бұл жерден біздің аңғаратынымыз ананың көңілі балада,баланың көңілі далада.Ал ендігі қолы бос ата-аналар балаларының қасында жіті қадағалап,бірге жүреді екен!
Қала тұрғындарының сан жылдан бергі арманы дәл осы алаңды жаңарту.Бұл күнніңде алыс емес екеніне кәміл сенеді!Тіпті ата-аналар қазірден бастап көз алдында балаларының заманауи алаңда ойнап жүрген елестетеді.
Шолпан Қалшабекова