Bugin

Қазақстанда алғыс айтуға арналған сайт ашылды

«Алғыс айту» күніне орай әлеуметтік еріктілер жобасы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жоба «Шын жүректен» деп аталады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Daynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жобаның негізі Black & White Production бастамасымен жүзеге асырылды. Еліміздің тұрғындары кез келген адамға Jurekten.kz арнайы сайтында «рақмет» айта алады. Ол үшін сайтқа кіріп, алғыс хат жіберу жеткілікті.

Рақмет деген қарапайым сөз. Бірақ оның кімге айтылатыны маңызды. Біз қамқор қазақстандықтардың тобы, сізді онлайн режимде өз ризашылығыңызды білдіруге шақырамыз. Жылы сөздердің адресаты кім болатыны маңызды емес - дәрігер, мұғалім, кездейсоқ өтіп бара жатқан адам немесе кәсіби құтқарушы » делінген жобаның сипаттамасында.