Bugin
Адамзат баласы жаратылғаннан бері таптық, топтық бөліністерде пайда болды. Сонау ықылым замандардан бері өзара бәсекелістік жалыны өршіп, бірін-бірі басып озуға тырысқандардың тартысы күні бүгінге дейін жалғасуда. Біз жаңа технологиялар мен білім, ғылымның қарыштап дамыған заманның құрдасы болып отырмыз. Ал бұл дегеніміз қазіргі жастарға екі есе жауапкершілік артуда.
Адамзат баласы жаратылғаннан бері таптық, топтық бөліністерде пайда болды. Сонау ықылым заманнан бері өзара бәсекелістік жалыны өршіп, бірін-бірі басып озуға тырысқандардың тартысы күні бүгінге дейін жалғасып жатыр.
Біз жаңа технологиялар мен білім, ғылымның қарыштап дамыған заманның құрдасы болып отырмыз. Ал бұл дегеніміз қазіргі жастарға екі есе жауапкершілік артылады.
Осы ретте болашақ кілтін қолында ұстаған қатарластарымның басты ұраны мақсатшылдық пен табандылық болу керек деген тұжырымдамын. Бұл жерде ең өзекті мәселе – өзіңді екінші орынға қоймай, бар ынта-ықылас, талап-жігер, күш-қайрат пен өжеттіліктің арқасында алдыға жетелеу.
Мен үнемі өзімді жаңа жетістіктер мен бастаған ісімнен жақсы нәтиже алуға жігерлендіріп отырамын. Ол менің өмірлік "кредом" десем де болады.
Шыны керек, таңғы шықтың тағдырындай келте ғұмырымызда әр пенденің алдынан түрлі қиындық, сындарлы сағаттар, салмақты сындар кезігеді. Осы ретте адам бойындағы дарын-дағдысын пайдалана отырып, барлығын жеңе білуге ұмтылу керек. Өйткені ол нағыз көшбасшылықтың, екінші болмаудың алғашқы сатысы. Түрлі тар жол, тайғақ кешулерде қателесуге, кемшіліктер мен олқылықтарға бой алдыруға болады. Алайда кемшілік көрген кісінің одан сабақ алуы, екінші мәрте дұрыс жолмен жүруі – өте құптарлық іс. Олқылықтар тек қозғалыссыз, іс-әрекетсіз жатқан адамда ғана болмайды.
Менің айтарым, тек әлсіздер ғана өзінің мақсаты мен ақ қанат армандарынан теріс айналып, бас тарта алады. Ал білегінен бөлек жүрегінде мықтылық ұялағандар діттегеннен айнымай, сол бағытта бар ынта-жігерін сарп етіп, ойлағанын жүзеге асырады. Және ешкімнің де азуы батпайтын "бірінші болу" дағдысын бойына дарытады. Бұл қуатты Қазақстанды қалыптастыруға атсалысар барлық жастарға тән қасиет болса, дамыған отыз елдің қатарына қосылу уақытымыз жақындай түспек.
Бастысы, өмірдегі өзіңді жоғалтып алма. Ұмтыл, тайталас, берілме. Өзің үшін, өзгелер үшін күресе біл! Көштің басында жүр, екінші болу сенің тағдырың емес.