Bugin
Алғыс айту адамға қуаныш сыйлайды
Алғыс айту – адамдықтың белгісі. Бұл күні адамдар бір-біріне деген достықтың адалдығын, махаббаттың беріктігін, пейілдің кеңдігін, жүректегі мейірімділікті сыйлайды. Сәт сайын бір-бірімізге алғыс айту артық етпес.
Пандемия кезінде бір жұтым ауаның қадірін түсініп, жанымызға араша түскен дәрігерлер мен біліммен сусындап өсірген ұлы ұстаздарға мың алғыс.
Тағдырымызға жолыққан әрбір пендеге, жақсылық жасауға ұмтылушыларға, барымызға шүкіршілік айта білгенге, өмірдегі әрбір құбылысқа, табиғаттың сынағына да алғысымызды шын жүректен білдіреміз.