Қазақстан жаңалықтары
Кездесуге ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр және ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты
Асқар Мамин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеп хабарлайды.
Кездесуде "Байқоңыр" ғарыш айлағын дамыту, Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды. "Бәйтерек" бірлескен зымыран кешені ("Назарбаев старты") жобасына басты назар аударылды.