Bugin

Қазақстан тәжік пен қырғыздарға гуманитарлық көмек жібермек

Екі елге бес-бес мың тоннадан ұн

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан үкіметі Қырғызстан мен Тәжікстанға 205 млн теңгеге гуманитарлық көмек бермек. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылым дамыту министрлігінің мәліметінше, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына бес-бес мың тонна дан 10 мың тонна бидай ұны гуманитарлық көмек ретінде жолданбақ.

"Гуманитарлық көмекті жеткізуге кететін шығын 2021 жылдың бюджетіне қосылды. Қаржы ҚР Үкіметінің төтенше жағдайлар резервінен бөлінеді", - делінген үкімет қаулысында.

Ұнды сатып алу мен темір жол арқылы екі елге жеткізуге 205 млн теңге кетпек.