Экономика
Коммуникация және қоғаммен байланыс саласында компанияның көбі страндартты стратегия қолданады. Дегенмен де, КЕҰ (ҮЕҰ) стратегиясы қарапайым компаниядан өзгешелігі көп
Коммерциялық емес ұйым үшін дұрыс коммуникациялық стратегия құрып, мүдделі топтармен қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолын таба алуы аса маңызды. Осыған орай, негізгі үш факторға тоқтала кеткен жөн:
1. КЕҰ коммуникациялық стратегиясы компанияның спецификасына, оның шешетін мәселелеріне, ұйымдастыру формасына және жұмыс көлеміне тікелей байланысты.
2. КЕҰ экономикалық мүмкіндіктерін ескеруіміз керек. Компанияның көбі қаражатың басым бөлігін әлеуметтік жобаларға жұмсайтындықтан, бюджеті шектеулі болады. Ақылы медиа қызметтер мен диджитал-платформаға ақша бөлмейді.
3. КЕҰ коммуникациялық стратегиясын анықтауда ұйымның миссиясы мен алға қойған міндеттерін анықтау маңызды. Іс-шаралар мен әрекеттер бір бағытта жүргізілуі керек.
КЕҰ арналған эффективті базалық құралдарды ұсынамыз:
Максималды нәтиже беру үшін ұйым аталған барлық құралдарды мейілінше біріктіре қолданған жөн.
Айқын мысал ретінде Үндістанның «Sonrisas de Bombay» КЕҰ-ның жобасын айтуға болады. Олар Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күніне орай стратегия құрған. Мумбай маңындағы болған адам саудасы туралы шынайы оқиғаларды жарыққа шығарып, бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын тудырды.
Бұл мақсатқа жету үшін ұйым мынадай кешенді қадамға барған:
1) Sonrisas de Bombay-дың негізін қалаушысы өз тәжірибесімен бөліскен авторлық мақала жазды;
2) Мумбайда түсірілген жәбірленушінің өзі түсірген видео-баяндау дайындап, ғаламторда таратты;
3) Әлемді шулатқан адам саудасына қатысты баспасөз-релиз дайындады.
Жоба нәтижесінде оқиға тек Үндістанмен шектелмей, мәселе туралы әлемнің хабардар болды. Кампания SABER Awards 2020-да КЕҰ арасындағы PR санатындағы марапатқа ұсынылды.
Байқағаныңыздай, ұйымның құндылықтар мен мақсаттарын сақтай отыра бұл құралдармен толағай табыстарға жетуге болады.
Мирас Иргебаевтың лекциясынан аударылды