Әлем жаңалықтары
Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылып жатыр
Табиғаттың таңғажайып "туындысы" саналатын әйгілі Ниагара сарқырамасы мұз құрсауында қалды. Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды. Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.
Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.