Bugin

NNN – Ресейді бағындырған қазақ блогер

XXI ғасыр – дамыған заман. Тек мемлекетіміз ғана емес, адамзат та жан-жақты дамып жатыр. Кезеңіне байланысты жаңа жұмыстар да пайда болып жатыр. Соның ішінде ең танымалы – блогерлік. Бұл жұмыстың пайдасын төмендегі мақаламда талқылайтын боламыз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"XXI ғасыр – дамыған заман" дейміз. Расында, еліміздің жан-жақты көркейіп жатқаны баршамызға мәлім. Әртүрлі жаңа жұмыс пен мамандық пайда болып жатыр. Соның ішінде қазіргі кезеңде ең танымал әрі белсенді, әрі өзіндік қиындықтары бар жұмыс – блогерлік! Бұл жұмысты барлығы бірдей мойындай бермейді. Кейбірі оны "жай ғана қолынан еш нәрсе келмейтіндер айналысады" деп ойласа, енді бірі оның "нағыз қиын жұмыс екенін" мойындап жатады. 
   Анығына келгенде, блогерліктің де қиын жақтары бар. Мысалы күнделікті өмірін екінің бірі көрсете бермейді. Ал олар сол өмірінің бөлігін түсіріп, видеоларына өңдеу жасап қаншама уақытын құртады. Иә, кейбірі осы тұста «Оларды ешкім қинамайды ғой» деуі мүмкін. Рас! Бірақ олар сонымен күн көріп отыр! Адал ақша тауып, өз еңбегімен барынша жұмыс атқарып жүр. Иә, жұмыс атқарып жүр! «Қалай? Сонша не істеп жүр?» дейтін боларсыз…
  Мысалға айтсам NNN! Иә, Баршамыз білетін Нұрдәулет! Ол блогерлікке осыдан бірнеше жыл бұрын аяқ басты. "Неліктен тап Нұрдаулеттен бастады?" деген ой болар… Ендеше, атап өтейін… Нұрдаулет – NNN! Яғни “Нет ничего невозможного” деп жүрген қарапайым қазақтың баласы. Қазіргі таңда инстаграмында 2,3 млн оқырманы бар. Соңғы екі жыл ішінде ННН барша Қазақстандық блогерлердің ішінде ең мықты контент жасаушы болып танылды. Тіпті 2020 жылы – “Жыл блогері-2020” атағына ие болды! Айта кетейік, алдыңғы жаз бойы Қазақстан ішінде «Фан кездесу» жасаудан рекорд қойып жүрген ННН осыдан шамамен 3-4 ай бұрын Москваға кетіп қалады. Жоқ, ол өз елін сатып кетпеді, жалығып та кетпеді. Керісінше Қазақстанның дәрежесін өзге елде көтергісі келді және оған қол жеткізді!

Өзге елде өз тілінде, қазақ тілінд блог жүргізіп жүрген ең алғашқы жалғыз блогер. Сөйте жүріп күні кеше тап сол Мәскеуде фан кездесу өткізді. Сенесіз бе, 400-ге жуық адам жиналған. Өзге елде де қазақ бауырымызды танитын, сыйлап кездесуге келетіндер саны – 400! Бұл тіпті үлгерген бөлігі еді, одан кейінгі қосылғандар да, қайтып кеткендер де болды деседі... Айта берсең, ННН-ге мақтау көп! Нағыз жаңа ғасыр тарихына енуге тұрарлық оқиға сұраса, осы жағдайды атар едім! Бұл жерде мәселе ННН-ды өзге елде тану емес, Нұрдаулеттің өзге елде қазақ тілінде сөйлеп, соны өзге ұлтқа да насихаттауында! Келер ұрпаққа сабақ – өз тілін қай жерде болмасын ұмытпау керегін үйретеді!
   Расында, заман емес, адам екен өзгеріп жатқан... Себебі заманды дамытатын – адамзат. Осындай зұлымдық пен жамандық толған кезеңде адамдықты сақтап қалудың өзі – мықтылық ! Бастысы жүректегі имандылықты ұмытпай, жан жағымызға нұрымызды шаша білуде! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» дегендей, мақтауға тұрарлық жандарды көкке көтеру де біз үшін міндет! Блогерлерге тілегім – нәтиже көрсетердей еңбек етіп жатқандарыңыздың адал жемісін әрдайым көріп жүре беріңіздер! Бастысы қазақтығымызды сақтап қалсақ екен !