Bugin
Жаңа шарттармен келіспегендердің аккаунттары "істен шыққан" болып есептеледі
WhatsApp мессенджерiнiң қолданушылары 15 мамырға дейін жеке деректерді сақтаудың жаңа шарттарымен келіспейінше желіні пайдалана алмайды. Жаңа шарттармен келіспегендердің аккаунты "істен шыққан" болып есептеледі. Өз кезегінде мұндай нөмірлер мессенджерлерден 120 күннен кейін өшіріледі. Айта кетейік, бұл туралы WhatsApp құрастырушылары қаңтарда жариялаған еді. Бұл жаңалық желі пайдаланушыларының сынына қалды. "Жеке деректерге қол жеткізу – тұрғындардың өмірлеріне қол сұғу" деген қолданушылар "WhatsApp барлық ақпаратты Facebook-пен бөліседі" деген қауіпін жеткізген. Дегенмен WhatsApp "бұл жаңартудың негізігі мақсаты – қосымшаға төлем жүргізу қызметін енгізу" деп ақталып жатыр.