Bugin
2020 жылдың 18 желтоқсанында Настя Радзинская ең қымбат ютубер ретінде ғаламдық Forbes рейтингісіне кірді. Басылым оның табысын 18,5 миллион долларға бағалады
Краснодар өлкесінің Настя Радзинская есімді 6 жасар тумасына көпшілік қызығып қарайды. Өйткені ол Майамиде тұрады, Мальдив аралдарында демалып, апта сайын гардеробын өзгертеді. Ең қызығы, мұндай өмір кішкентай қыз бен оның ата-анасына айына 200 000 доллардан 500 000 долларға дейін табыс әкеледі.
Настяға туылған кезде церебральды сал ауруының ауыр түрі диагнозы қойылған. Дәрігерлер қыздың жүрмейтінін және сөйлемейтінін айтқан. Ата-анасы бүлдіршінін емдету үшін барын салып, бірнеше жылдан кейін сырқатты жеңіп шығады.
Аурудан емдеудің бір тәсілі камерамен жұмыс болған.
Осылайша Настяны қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсуге үйреткен. Оның роликтері орыс, ағылшын, араб және испан тілдерінде көрсетіледі. Қыздың мектепке қалай баратыны, тамақтанғаны жаңа нәрселерге қуанғаны, батутта секіргені туралы қарпайым видеолар жас актрисаға айына жүздеген мың доллар әкеледі.