Әлем жаңалықтары

Instagram әлеуметтік желісі Live room функциясын енгізді

Енді тікелей эфирде төрт адамға дейін қатыса алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында бұл функция бүкіл әлемде қол жетімді болады.

Instagram әлеуметтік желісі пайдаланушыға өзінің тікелей эфиріне тағы үш адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін Live room функциясын ұсынды. Бұл туралы компанияның блогында хабарланды.

«Бүгін біз Instagram-да үш адамға дейін тікелей эфирге шығуға мүмкіндік беретін Live room ұсынамыз. Бұрын сіз тек бір адаммен тікелей трансляция жасай алсаңыз, енді біз сіздің трансляцияңызды екі еселендіруге мүмкіндік береміз», - делінген хабарламада.

Компания тікелей эфирге қатысушылар санының көбеюі қолданушылар үшін шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтеді деп сенеді: ток-шоулар, сессиялар немесе тікелей шеберлік сабақтары өткізілуі мүмкін.

 «Сондай-ақ, Live room пайдаланушыларға бизнес құрып, ақша табудың одан да көп жолын ұсынады», - делінген компанияның блогында.

Жаңа мүмкіндіктің көмегімен көрермендер тікелей эфирде сауда жасау және ақша жинау сияқты әр түрлі интерактивті мүмкіндіктерді қолдана алады.

Live room жақын арада бүкіл әлемде қол жетімді болады.