Bugin

Қырғызстан президенті елімізге мемлекеттік сапармен келді

Көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті елімізге мемлекеттік сапармен келді. Бұған дейін Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Ресейге барып Владимир Путинмен кездескен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді» делінген ҚР СІМ хабарламасында.

«Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы, Еуразиялық экономикалық одақтағы және өзге де көпжақты құрылымдардағы интеграциялық үдерістерді дамыту жөнінде, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады деп күтіледі. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ», - деп жазды Берік Уәли.