Bugin

Болжағыш Билл Гейтс

Билл Гейтс пандемияның аяқталу мерзімін болжады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс АҚШ-тың CNN телеарнасының эфирінде пандемияның аяқталу мерзімін болжады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Әлем 2022 жылға дейін «қалыпты өмірге» оралмайды. Себебі біз пандемияны тоқтату үшін дұрыс шаралар қолданбай жатырмыз», - деді Гейтс.

Миллиардердің айтуынша «коронавирус жұқтыру қауіпі 2022 жылға созылып, жыл бойы инфекциямен күресуге мәжбүр болуы мүмкін».

Гейтс сонымен бірге АҚШ күзде «коронавирусқа дейінгі» жағдайға оралады деп болжады. Кәсіпкер инфекцияны толығымен жеңу үшін COVID–19- ға қарсы жаһандық күреске көбірек үлес қосып, вакцинаны тарату керек екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Билл Гейтс пандемияны «тоқтатудың жолын» айтқан, бірақ коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін деді.