Спорт

Жеңіліс жеңіске шабыттандырады

Катарда WTT Contender сериялы турниріне іріктеудің соңғы күнінде қазақстандық спортшыларымыз жеңіліске ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Анастасия Лаврова атақты ресейлік теннисші Яна Носковадан 0:3 есебімен жеңілсе, Зәуреш Акашева болса динамикалы пуэрто-риколық Мелани Диасты 0:3 есебімен басып оза алмады. Бұл туралы Bugin.kz ttfrk.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды. 

Командамыздың көшбасшысы Кирилл Герасименко белоруссиялық Александр Ханинді 3:0 есебімен басымдықпен жеңіп, жарыстың негізгі бөліміне жолдама алды. Келесі қарсыласы - 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері ирандық Нолан Аламиян.

Еске сала кетсек, Катар WTT Contender наурыз айының 3-і мен 13-і аралығында өтеді.