Bugin

Қатал басшы: Жапаров Қырғызстандағы жемқорлықты түбімен құртпақ

300 қырғыз әулеті байып, халық аш қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі коррупцияны жою үшін қатаң шараларға баруда. Айтуынша, елдегі жемқорлықты 2-3 жылда тамырымен құртып, Қырғызстанды тұрақты даму жолына түсірмек. Бұл жайлы ол ҚазАқпарат-қа берген сұхбатында айтты.

Қырғыз президентінің айтуынша, жемқорлықпен ол өмір бойы күресіп келеді. Түрмеге түскеніне де жемқорлықты әшкерелегені себеп болған.

"Осыдан 16 жыл бұры, 2005 жылы мен парламент депутаты боп сайландым. Содан бері жемқорлықпен күресіп келеді. Қырғызстан 30 жылда жемқорлыққа белшесінен батты, сондықтан елде тыныштық жоқ. Бұған шенеунік атаулының жемқорлыққа басымен кіріп кеткені себеп. Мәселен, осыдан 8 жыл бұрын алтын мен күміс кені орны – Құмтордың шенеуніктердің қолына өтіп кеткенін, Қырғыстан бюджеті бұдан бір тиын да алмайтынын айтып дабыл қақтым. Кен орнын тонап жатқанын өз көзіммен көрдім. Бұлай болмауы тиіс деп істі соңына жеткізгім келді. Содан 2012 жылы сотталып, 9 ай "отырып" шықтым. Сот мені ақтап шығарса да, тергеу тоқтамады. Содан шетелге кеттім. Қазақстанда, Ресей мен Еуропада жүрдім. Ал 2017 жылы елге оралдым. Президенттік сайлауға түскім келді. Бірақ мені тағы 3,5 жылға қамап тастады", - дейді Жапаров.

Оның айтуынша, қазір елдегі жемқорлықты құртуға біржолата кірісті. Сондықтан қаталдыққа басып, қатаң шаралар қолдануда.

"Премьер-министр тұтқындалды, министрлер мен ірі шенеуніктер, басшылар ұсталып жатыр. Заң жұмыс істеуге көшті. Мұндай істі тындыру үшін қаталдық керек. БАҚ-тың мені "қатал басшы" дейтіні содан. Қырғызстанның 30 әулеті байып, халық кедей күйде қалды. Бұған елдің ашуы келді, үшінші төңкеріс содан болды", - деп түсіндіреді президент.

Жапаровтың айтуынша, елдегі жемқорлықты құртуға 2-3 жыл уақыт жеткілікті.

"Біз әділдік орнатамыз. Заңға бағынуды үйретеміз. Жақында референдум, күзде парламент сайлауы өтеді. Оның бәрін әділ түрде өткіземіз", - деді Жапаров.