Bugin
Оның үстіне, 4 аурухананың 3-еуі ғана меджабдықпен қамтылған
Қазақстандағы алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтардың жартысы ескі, тозығы жеткен. Мұны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
"Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру нысандарының 76,6 пайызы медтехникамен қамтылған. Барлығы 1,5 млн медициналық техника бар. Оның 49 пайызы – тозып тұр", - деді Цой үкімет отырысында.
Оның айтуынша, медициналық техникасы ең аз өңірлерге Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола мен Ақтөбе облыстары, Шымкент қаласы жатады.