Саясат

Қазақстан Қытайға шекара мәселесіне байланысты ұсыныс жасады

Шекара бекеттеріндегі транспорттық кезек бірнеше айға созылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев пен ҚХР Сауда министрінің орынбасары Ван Шоуэн бұл мәселені бейнеконференция арқылы талқылады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы министрлік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы көліктер мен тауар тиелген вагондар кептелісі мәселесі екіжақты келіссөзде қарастырылды.

«Қалжат-Дулаты және Майқапшағай-Зимунай өткізу пункттері пандемияға байланысты қазір жұмыс істемейді. «Нұр жолы - Қорғас», «Достық - Алашанькоу» және «Бақты - Покиту» бақылау-өткізу бекеттері шектеулермен жұмыс істейді. Бұл жағдай жүктерді тасымалдауға кері әсерін тигізді.

Қытай тарапына «Қалжат - Дулаты», «Майқапшағай - Зимунай» өткізу пункттерін іске қосу, сондай-ақ «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының күнделікті өту санын арттыру мәселесін ұсынды» делінген.

2020 жылдың 15 қарашасынан бастап Қытайдан бидай, зығыр тұқымдары, майлы дақылдар, күнбағыс, соя, арпа, күнбағыс майы сияқты азық-түлік жүктерін қабылдау тоқтатылды.

Айта кетейік, барлық факторларға қарамастан Қытай - Еуропа - Қытай бағытындағы тауар тасымалы 55% -ға өскен. Алайда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында пандемиялық себеппен көліктердің ұзақ тұралау проблемасы актулды болып отыр.