Әлем жаңалықтары

Еуропалықтарды дүрліктірген метеорит

Еуропа аспанында лаулап, елді дүрліктірген отты шар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа аспанынан гүрілдеп дауыс шығарып, жап-жарық болып, бір қозғалған зат пайда болды. Мамандар заттың не екенін түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Лондондағы The Independent.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияда мыңдаған адам жексенбі күні кешке аспаннан баяу қозғалған от шарын көргендерін хабарлады. Бұл метеорит сияқты зат жарық пен жылу шығарып, Ұлыбритания, сондай-ақ Ирландия, Нидерланды елдерінің аспанында қатты гүрілдеген дыбыс тудырды.
Зерттеушілердің айтуынша, Жер атмосферасына құлаған метеор алғашында астероид ретінде басталып, Марс пен Юпитердің арасында пайда болған. Зерттеушілер метеориттың бөліктерін қазір Челтенхэмнен табуға болатынын айтады.

От шарлары Халықаралық метеорлық ұйымның ең көп хабарланған объектісіне айналуы мүмкін. Егжей-тегжейлі есептер, соның ішінде аспандағы от шарының видеолары  зерттеушілерге астероидтың табиғатын және оның қалай құлағанын түсінуге мүмкіндік береді.