Әлем жаңалықтары

Жын шығару рәсімі кішкентай қыздың өліміне себеп болды

Шри-Ланканың тұрғыны ежелгі жын шығару рәсімі кезінде тоғыз жасар қызды өлімші етіп сабап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәртіп сақшылары бұған дейін жын шығару рәсімін ұйымдастырушыны, сондай-ақ баланың анасын тұтқындаған. Жақын арада рәсімге қатысушылар сот алдында жауап береді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз бала өмірге қауіп төндіретін көпетеген жарақаттарға ие болды. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ресми нұсқаға сәйкес, баланың ата-анасы Шри-Ланка астанасы Коломбоға жақын орналасқан ауылға апарып, дайындықсыз жағдайда жабайы рәсім бастаған.

«Бала соққыдан өлді», - дейді полиция өкілі Аджит Рохан The New Straits Times – қа айтқан сөздерінде.

Экзорксизм рәсімі кезінде рәсімді орындайтын әйел қызды таяқпен бірнеше рет ұрған. Бала қатты соққыларға шыдамай айқайлай бастады. Шу полиция қызметкерлерін шақырған көршілердің назарын тез аударды. Алайда оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қыздың өмірін сақтап қала алмады.

Фото: crimea.tv