Авторлық ертегі
Қысқаша жазбалардың майталманы болып танылған, американдық жазушы О. Генридің бүгінгі күнге дейін жеткен көптеген туындысы бар. Бұл жазушыны оқырмандар көбінесе орыс әдебиетінен Чехов пен Гоголь сынды мықтылармен теңестіретін. Тіпті, 1918 жылы О. Генридің атына премия берілді. Оның біздің заманымызға дейін жеткен 600 жазбасы бар, соның ішіндегі жаңа жылдық новелласын сіздерге ұсынамыз.
Ертеде күйеуі мен әйелі болыпты. Екеуі өте кедей тұрады екен. Күндердің күнінде әйелі жан жарына:
- Қымбаттым, сіз маған тарақ алып бере аласыз ба? Ертеңге шашымды сіз үшін әдемілеп өрейін деп едім,- депті. Бұл сөздерді естіген күйеуі бір сәтке үнсіз қалды. Себебі оның қалтасында көк тиын ақшасы болмайтын. Сосын ол қолындағы сынық сағатын әйеліне көрсетіп:
- Жаным, мына сағатты көрдің бе? Шындығына келгенде осы ескі сағатты айлар бойы жөндете алмай жүрмін! Бірақ уайымдама. Әлі-ақ бәрі оңалады! Ертең саған міндетті түрде жаңа тарақ алып келемін,-деді жымиып.
Таң ата салысымен күйеуі жұмысқа аттанды. Күні бойы тек әйелін, оған қалай сұрағанын алып беретінін ойлады. Кеш бата өте қатты шаршап, жұмыстан шықты. Бірақ, қолына түскен ләпақасы нан мен сүтке ғана жететін. Сөйтіп амалы жоқ, сауда орталығына барып ескі сағатын сатты. Содан түскен ақшаға әйеліне тарақ алды. Қуанғаны соншалықты үйге қалай жетіп қойғанын да байқамады. Аулаға кіре салып, есікті ашты. Үйге кірсе, әйелі шашын қырқып алып тастапты. Мұны көрген күйеуі бір мезетке таңырқап, тұрып қалды.
- Жаным-ау, саған не болған,- деді бірден. Сөйтсе, әйелі күйеуінің кешегі ескі сағатын көргендіктен, бүгін шашын тақырлап, оны сату арқылы содан түскен ақшаға жаңа сағат алыпты. Ол үнсіз ғана жан жарына жақындап, қолына жаңа сағатты ұстатты. Екеуі бір-біріне бар оқиғаны айтып бергеннен кейін, еріксіз көздеріне жас келді. Шынында да, бұл шексіз сезімнің көрінісі емес пе?