Қазақстан жаңалықтары

Әлихан Бөкейханұлына 155 жыл

Әлихан Бөкейханұлының туғанына 155 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханұлының туғанына 155 жыл толуы қарсаңында дипломаттар қабіріне барып гүлшоғын қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қоғам қайраткері 71 жасында дүниеден озып, Мәскеудегі Дон зиратына жерленген. Әлихан Бөкейхановтың рухына тағзым етуге Ресей астанасында тұрып жатқан қазақтармен бірге тарихшы ғалымдар да барды. Әлихан Бөкейханұлының қай жерге жерленгені тек тоқсаныншы жылдардың бас кезінде белгілі болды. 1937 жылы қазақтың тағы бір мемлекеттік қайраткері Нығмет Нұрмақовпен бірге атылып, Мәскеудегі Дон зиратына тек күлі ғана жерленген. Осы зират басына бүгін бір қауым ел жиналып, алаш ардақтыларының әруағына тағзым етті.
 

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
 – Қазақстан егемендігін ойлаған қазақ ұлы азаматтары туралы өте көп әңгіме болуда. Президентіміз айтқандай, бүгінгі күні саясатты қойып, ғалымдар ғылыми зерттеу жасап, болған оқиғаларды шығарып көрсету керек. 

Қазір Мәскеуде Әлихан Бөкейхановтың немере-шөберелері тұрады. Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Нұрым Бөкейханов кеңестік заманда атасының атын атауға тыйым салынғанын айтады. Тіпті Алаш жетекшісі туралы отбасында да әңгіме айтылмаған. 80-жылдардың соңында туған-туыстары Әлиханды ақтау туралы өтініш жазып, 1989 жылы әділетті шешім шыққан хат қолдарына тиеді. Сол кезде Нұрым Бөкейханов атасына өлең жолдарын арнаған.